Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Үржар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 41-485/V шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2-21/VI шешімі. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 09 маусымдағы № 3-34/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 09.06.2016 № 3-34/VI шешімімен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" 49 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 наурыздағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Үржар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4456 нөмірімен тіркелген, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2016 жылдың 07 сәүірінде 53-54 нөмірінде жарияланған) № 41-485/V шешімінің қолданылуы 2016 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатыла тұрсын.
      2.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы К.Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады