Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 660 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінің 2016 жылғы 23 тамыздағы №10-25177 хаты негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөрлі ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №885 "Бөрлі ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысы (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда №4217 болып тіркелген, актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат – 23.01.2016 жылғы №3 "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде);
      Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №886 "Бөрлі ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары атаулары мен индекстерін бекіту туралы" қаулысы (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 4215 болып тіркелген, актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат – 23.01.2016 жылғы №3 "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде).
      Аудан әкімі А.Халелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады