"Астана қаласының Жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 158-1281 қаулысы. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.03.2018 № 06-433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі 158-1639 қаулысына (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 953 болып тiркелген, 2015 жылғы 20 қазандағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      16-тармақтағы:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;";

      32-1) тармақша алынып тасталсын;

      "Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Астана қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. "Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Астана қаласы әкімдігінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Астана қаласы әкімдігінің "Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. Астана қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      9. Астана қаласы әкімдігінің "Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".

      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкiмі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады