Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 214 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бірлескен бұйрығы.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі бекітілсін.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдардың құрамын айқындасын.

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әкімшілік деректерін Қазақстан Республикасының Статистика агенттігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 116 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 264 бірлескен бұйрығының күші жойылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Білім басқармаларына және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Статистика департаменттеріне жұмыс бабында басшылық алу үшін жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары Қ.К. Орынхановқа және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Әмринге жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
төрағасы

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі

________ Н. Айдапкелов

___________ Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 214
және
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қаңтардағы № 34
бірлескен бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мен
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ақпараттық
жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциялаусыз өзара іс-қимылы тәртібі (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Тәртіп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Білім министрлігі) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне (бұдан әрі - Статистика комитеті) мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру туралы әкімшілік деректерді беру тәртібін айқындайды.

      3. Тәртіп қатысушылары:

      1) Білім министрлігі;

      2) Статистика комитеті.

2-тарау. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректерді
ұсыну тәртібі 

      4. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бойынша әкімшілік деректер (бұдан әрі - әкімшілік деректер) Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰБДҚ) бағдарламалық кешені арқылы әкімшілік деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен Статистика комитетіне беріледі.

      5. Білім министрлігі ҰБДҚ бағдарламалық кешеніне қол жеткізу шеңберінде Статистика комитетіне әкімшілік деректерді беру үшін мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) жыл сайын есепті жылғы 5 қазаннан кешіктірмей әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдарға ҰБДҚ бағдарламалық кешеніне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдарға ҰБДҚ бағдарламалық кешенінің жұмысындағы жоспарланған өзгерістер және уақытша тоқтату туралы бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, мерзімінде (бұдан әрі - жауапты адамдар) мәлімдейді;

      3) жауапты адамдарға Комитет және Білім министрлігі тұлғасындағы Тараптардың келісімі бойынша ҰБДҚ бағдарламалық кешенін пайдалану бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      4) әкімшілік деректерге қол жеткізудің толықтығын, анықтығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.

      6. Статистика комитеті ҰБДҚ бағдарламалық кешені арқылы әкімшілік деректерге қол жеткізгеннен кейін мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) әкімшілік деректерді тек статистикалық ақпаратты түзу және үшінші тарапқа беру құқығынсыз статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін пайдаланады;

      2) әкімшілік деректерді осы қағидаларға қосымшада келтірілген ҰБДҚ бағдарламалық кешеніне қол жеткізу шеңберіндегі әкімшілік деректердің тізбесіне сәйкес қалыптастырады;

      3) әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдар дан басқа бөгде адамдардың ҰБДҚ-ның бағдарламалық кешенін пайдалануына қол жеткізуін болдырмайды;

      4) өзгерістер енгізілген күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей әкімшілік деректерді қалыптастыруға жауапты адамдардың құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

      7. Білім министрлігі есепті жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша қалыптастырылатын өңірлердің және Астана, Алматы қалаларының бөлінісіндегі жиынтық әкімшілік деректерді Статистика комитетінің сұранымы негізінде Мемлекеттік органдардың бірыңғай құжатайналымы жүйесі арқылы жылына бір рет ұсынады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Статистика
комитеті мен Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
арасындағы ақпараттық жүйелердің
интеграциялаусыз өзара іс-қимылы
тәртібіне қосымша 

ҰБДҚ бағдарламалық кешеніне қол жеткізу шеңберіндегі
әкімшілік деректердің тізбесі

Көрсеткіштің атауы

Бөлінісі

1

Жалпы білім беретін мектептердің саны, бірлік

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқу нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі бойынша (қала/ауыл), меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша

2

Бастауыш мектептер саны (1-4 сынып)

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша

3

Негізгі орта мектептер саны (5-9 сынып)

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша

4

Жалпы білім беретін мектептер саны (1-11 сынып)

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша

5

Әртүрлі пәндерді тереңдете оқытатын сыныптары бар мектептер саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша

6

Пәндерді тереңдете оқытатын мектептер саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша

7

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептер саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі бойынша, меншік нысаны бойынша

8

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

9

Оқушылардың жас құрамы

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жастары бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша

10

Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндіктері шектеулі оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша

11

Әртүрлі пәндерді тереңдете оқытатын сыныптары бар мектептердегі оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша

12

Мектеп жанындағы лагерьлер саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша

13

Мектепті "Алтын белгі" аттестатымен бітірген оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша

14

Мектепті үздік бітірген оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша

15

Барлық мектептер түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, сыныптар бойынша, мамандықтар бойынша, жынысы бойынша

16

Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдер саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша

17

Жоғары білімі бар мұғалімдер саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша

18

Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жанындағы кешкі бөлімшелердегі оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

19

Кешкі білім беретін мектептердегі сыныпты аяқтаған немесе келесі сыныпқа көшірілген оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жастары бойынша, жынысы бойынша

20

Кешкі мектепті аяқтаған, және негізгі орта мектепті бітіргені туралы куәлік алған оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жастары бойынша, жынысы бойынша

21

Мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

22

Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүгедек балалардың саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

23

Жалпы білім беретін мектептерді бітірген оқушылар

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

24

Негізгі орта мектепті бітіргендер

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

25

Жалпы орта мектепті бітіргендер

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке меншік) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

26

Кешкі мектепті бітіргендер

27

Аяқтағаннан кейін негізгі жалпы білімі туралы аттестат алып, білім алғандардың саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

28

Аяқтағаннан кейін орта (толық) жалпы білімі туралы аттестат алып, білім алғандардың саны:

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, мектептердің түрлері бойынша, оқыту нысаны (күндізгі/кешкі) бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, сыныптар бойынша, ауысымдар бойынша, жастары бойынша, ұлты бойынша, оқыту тілдері бойынша

29

Күндізгі жалпы білім беретін мекемелерде, оқыту мақсатында пайдаланылатын компьютерлердің саны; оқу жылының басында

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша

30

Интернет желісіне қол жеткізумен компьютерлердің саны - барлығы

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша

31

Мектепалды даярлықпен қамтылған балалар саны, барлығы

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жасы бойынша

32

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды даярлықпен қамтылған балалар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша

33

Мектепалды сыныптарда мектепалды даярлықпен қамтылған балалар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша

34

Мектепке дейінгі ұйымдардың саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, тәрбиелеу және оқыту тілі бойынша

35

Орындар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша

36

Апат жағдайындағы жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша

37

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, оқыту тілі бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша, топтары бойынша, ұлты бойынша

38

Балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың даму мүмкіндіктері шектеулі және жалпы типтегі мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтардағы балалар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, оқыту тілі бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, жастары бойынша, топтары бойынша, ұлты бойынша

39

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1-6 жастағы балалар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша

40

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке 1, 2, 3, 4 және 5, 6, 7 жасқа толған 0-7 жастағы балалардың жас құрамы

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша

41

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұрған балалар саны, барлығы (оның ішінде 1-6 жастағы және 3-6 жастағы балалар саны)

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша

42

Мектепке дейінгі мекемелердегі педагог қызметкерлердің саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, білім деңгейлері бойынша

43

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, білім деңгейлері бойынша

44

Мектепке дейінгі арнайы ұйымдардағы педагогтар саны

Облыстар бойынша, аудандар бойынша, ұйымдардың түрлері бойынша, жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша, меншік нысаны (мемлекеттік/жеке) бойынша, жынысы бойынша, білім деңгейлері бойынша

45

Білім жүйесіндегі негізгі көрсеткіштердің салыстырмалы кестесі

Барлық көрсеткіштер бойынша жалпы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады