Қазақстан Республикасы Президенттің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 16-тармағының 125-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі осы бұйрықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті әкімшілік деректерді алуға жауапты қызметкерлерді айқындасын.
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ___________К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы __________Т. Сүлейменов |
2018 жылғы 24 мамырдағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 179 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 16-тармағының 125-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес әзірленген және шетелге тұрақты тұруға кеткен және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған адамдар бойынша әкімшілік деректерді (бұдан әрі – әкімшілік деректер) ұсыну кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - ҰЭМ) электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаты өтеусіз негізде берілетін әкімшілік деректердің анықтығын және біркелкілігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын әкімшілік деректер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат ҰҚК және ҰЭМ электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылына жатпайды.
4. Осы Қағидаларда "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар пайдаланылады.
5. ҰҚК және ҰЭМ арасындағы өзара іс-қимыл:
1) Әкімшілік деректерді беруші болып табылатын "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы ҰҚК "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі-"Бүркіт" БАЖ);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - "е-Статистика" ИАЖ) көмегімен жүзеге асырылады.
2-тарау. Әкімшілік деректерді беру және алу тәртібі
6. "е-Статистика" ИАЖ-ға "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы "Бүркіт" БАЖ-дан әкімшілік деректер беріледі.
7. Ақпараттық жүйелердің алғашқы қосылуы кезінде:
1) "sql-insert" түрінде анықтамалықтарды түсіру осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген анықтамалықтарды түсіру бойынша негізгі атрибуттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі – ҰЭМ СК), "е-Статистика" ИАЖ–ға тиісті анықтамалықтарды түсіруді және қолданылатын анықтамалықтарды өзектілендіруді қамтамасыз етеді.
8. ҰҚК "Бүркіт" БАЖ-дан әкімшілік деректерді "е-Статистика" ИАЖ-ға беру кезінде келесі іс-қимылдар сақталады:
1) Әкімшілік деректер "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің автоматтандырылған жұмыс орны арқылы ұсынылады. "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен берілген кезеңділікке сәйкес қажетті әкімшілік деректерді беруге "Бүркіт" ИАЖ-ға сұрау салу бастамашылық етеді.
2) Осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген, берілетін әкімшілік деректердің тізбесіне сәйкес беру аяқталғанда "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің жеке белгілі бір локальды директориясына (папкаға) "*.xml" файлы форматында әкімшілік деректерді түсіру жүзеге асырылады. Алынған әкімшілік деректер "е-Статистика" ИАЖ-ға олардың түсуіне қарай импортталады;
3) Жоспарланған өзгерістер және "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ҰЭМ СК-ға ресми хабарлама жіберіледі.
4) "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда, әкімшілік деректер электрондық жеткізгіште ұсынылады.
5) Әкімшілік деректердің толықтығы, анықтығы және уақтылы берілуі қамтамасыз етіледі.
6) "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуі мен пайдаланылуы бойынша тараптардың келісімі бойынша (ҰҚК мен ҰЭМ СК) ҰЭМ СК қызметкерлеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі.
9. ҰЭМ СК әкімшілік деректерді алу үшін:
1) ҰЭМ СК айқындаған әкімшілік деректерді алуға жауапты қызметкерлердің "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің орнатылған орнына қол жеткізуі;
2) ҰЭМ СК және ҰҚК арасындағы өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелердің құрамына кірмейтін бөгде ақпараттық немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге рұқсатсыз қосылуын болдырмау.
3) Әкімшілік деректерді үшінші тараптарға табыстау құқығынсыз, тек статистикалық ақпараттарды түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін пайдалану.
4) регламенттік, алдын-алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ҰҚК ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті бөлімшесінің жауапты қызметкерінің "Бүркіт-МО" мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің орнатылған орнына қол жеткізуі.
5) Жоспарланған өзгерістер және "е-Статистика" ИАЖ жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы бес күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде ҰҚК-ға хабарлама жіберу қамтамасыз етіледі.
10. "Бүркіт" БАЖ немесе "е-Статистика" ИАЖ-ға мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізілген жағдайда, рәсімді қамтамасыз ететін тараптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес берілетін әкімшілік деректердің тізбесіне сәйкес өзгертілген немесе жаңа бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша |
Анықтамалықтарды түсіру бойынша негізгі атрибуттар
р/с | Анықтамалықтың атауы | |
1. | T_CITIZEN | Елдер анықтамалығы |
2. | F_NATION | Ұлттар анықтамалығы |
3. | F_MARITAL | Отбасылық жағдай анықтамалығы |
4. | F_TRAINING | Білім түрлері анықтамалығы |
5. | F_POSITION | Әлеуметтік жағдай анықтамалығы |
6. | F_PASSTYPE | Жеке басты куәландыратын құжаттар анықтамалығы |
7. | F_COORDSTATE | Келісу мәртебелері анықтамалығы |
8. | F_IMMDECIS | Азаматтықты ауыстыру бойынша шешімдер анықтамалығы |
9. | F_PMJDECIS | Түрлері бойынша тұруға шешімдер анықтамалығы |
1. Ағаш тәрізді анықтамалықтар құрылымы (T_префиксі)
Шеті | Аңдатпа | Типі | Міндеттілігі |
CODE | Сәйкестендіргіш | сандық | Иә |
CODEPAR | Ата – ана жазбасының сәйкестендіргіші (егер анықтамалық иерархиялық болса) | сандық | Иә |
NAME | Орыс тіліндегі атауы | нышанды | Иә |
KZNAME | Қазақ тіліндегі атауы | нышанды | Жоқ |
LEV | Ағаш деңгейі | сандық | Иә |
SHIFR | Жүйелік шифр | нышанды | Иә |
EXIST | 1- қолданыста (0 - таратылған) | сандық | Жоқ |
2. Анықтамалықтардың құрылымы (F_префиксі)
Шеті | Аңдатпа | Типі | Міндеттілігі |
CODE | Сәйкестендіргіш | сандық | Иә |
NAME | Орыс тіліндегі атауы | нышанды | Иә |
KZNAME | Қазақ тіліндегі атауы | нышанды | Жоқ |
EXIST | 1- қолданыста (0 - таратылған) | сандық | Жоқ |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша |
Берілетін әкімшілік деректер тізбесі
Атауы | сипаттамасы |
Нышандар | Ескертпе |
"Эмиграция" (M_EMIGRANT) негізгі кестесінің атрибуттары | |||
Тұлға туралы мәлімет | |||
CODE | Жүйелік сәйкестендіргіш | 13 | |
GSID | Адамды сәйкестендіргіш | 13 | |
POSITION | Әлеуметтік ахуал | 100 | |
TYPE |
Иммиграция\ | ||
IIN | Адамның ЖСН | 12 | Сандық өріс |
FIO | Адамның Т.А.Ә. | 50 | Ашық жермен бөлінген мәтін |
BIRTHDAY | Туған күні | 8 | DD.MM.YYYY форматында |
SEX | Жынысы | 1 | 1-ер, 2-әйел |
CITIZ | Азаматтығы мемлекетінің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
NATION | Ұлтының коды | 9 | Ұлттар анықтамалығына сәйкес |
OUCIT | Шығу елінің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
OLDCIT | Бұрын шетел азаматтығы болған мемлекеттің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
MARITAL | Отбасылық жағдайының коды | 3 | Отбасылық жағдайы анықтамалығына сәйкес |
PROF | Білімі бойынша кәсібі мен мамандығы | 300 | Мәтіндік өріс |
CONVICT | Сотталғандығының болуы | 1 | 0 – жоқ, 1 - бар |
Құжаттары туралы мәліметтер (MC_PASSPORT) | |||
CODE | Құжаттың жүйелік сәйкестендіргіші | 13 | |
EMCODE | Негізгі кесте жазбасының жүйелік сәйкестендіргіші (M_EMIGRANT.CODE) | 13 | |
GSID | Негізгі кесте жазбасының адамды сәйкестендіргіші (M_EMIGRANT.GSID) | 13 | |
CITIZEN | Құжатты берген мемлекеттің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
PTYPE | Құжат түрінің коды | 3 | Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлері анықталығына сәйкес |
PNUM | Құжаттың нөмірі | 15 | |
PSERIA | Құжаттың сериясы | 15 | |
GIVEDATE | Құжаттың берілген күні | 10 | DD.MM.YYYY форматында |
ENDDATE | Құжаттың жарамдылық мерзімі | 10 | DD.MM.YYYY форматында |
Білімі мен жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер (MC_EMLABOR ) | |||
CODE | Еңбек қызметінің жүйелік сәйкестендіргіші | 13 | |
EMCODE | Негізгі кесте жазбасының жүйелік сәйкестендіргіші (M_EMIGRANT.CODE) | 13 | |
FIRMA | Ұйымы, лауазымы | 100 | Мәтіндік өріс |
STDATE | Түскен күні | 8 | DD.MM.YYYY форматында |
ENDATE | Аяқтау / босату күні | 8 | |
Ортақ балалары туралы мәліметтер (MC_EMCHILDS) | |||
CODE | Келесі ортақ балалары туралы жазбаның жүйелік сәйкестендіргіші | 13 | |
IIN | Баланың ЖСН | 12 | Сандық өріс |
EMCODE | Негізгі кесте жазбасының жүйелік сәйкестендіргіші (M_EMIGRANT.CODE) | 13 | |
FIO | Адамның Т.А.Ә. | 50 | Ашық жермен бөлінген мәтін |
BIRTHYEAR | Туған жылы | 4 | YYYY форматында сандық өріс |
CITIZEN | Құжатты берген мемлекеттің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
PNUM | Баланың құжатының нөмірі | 15 | |
PSERIA | Баланың құжатының сериясы | 15 | |
GIVEDATE | Құжаттың берілген күні | 10 | DD.MM.YYYY форматында |
ENDDATE | Құжаттың жарамдылық мерзімі | 10 | DD.MM.YYYY форматында |
Білімі туралы деректер атрибуттары бірге ( L_EM2TR) | |||
EMCODE | Негізгі кесте жазбасының жүйелік сәйкестендіргіші (M_EMIGRANT.CODE) | 13 | |
TRCODE | Білім коды | 9 | Білім түрлері анықтамалығына сәйкес |
"Иммиграция" (M_IMMIGRANT) негізгі кестесінің атрибуттары | |||
Адам туралы мәлімет | |||
CODE | Жүйелік сәйкестендіргіш | 13 | |
GSID | Адамды сәйкестендіргіш | 13 | |
POSITION | Әлеуметтік ахуал | 100 | |
TYPE |
Иммиграция\ | ||
IIN | Адамның ЖСН | 12 | Сандық өріс |
FIO | Адамның Т.А.Ә. | 50 | Ашық жермен бөлінген мәтін |
BIRTHDAY | Туған күні | 8 | DD.MM.YYYY форматында |
SEX | Жынысы | 1 | 1-ер, 2-әйел |
CITIZ | Азаматтығы мемлекетінің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
NATION | Ұлтының коды | 9 | Ұлттар анықтамалығына сәйкес |
OUCIT | Шығу елінің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
OLDCIT | Бұрын шетел азаматтығы болған мемлекеттің коды | 9 | Әлеуметтік жағдайлар анықтамалығына сәйкес |
MARITAL | Отбасылық жағдайының коды | 3 | Отбасылық жағдайы анықтамалығына сәйкес |
PROF | Білімі бойынша кәсібі мен мамандығы | 300 | Мәтіндік өріс |
CONVICT | Сотталғандығының болуы | 1 | 0 – жоқ, 1 - бар |
Құжаттар туралы мәліметтер (MC_PASSPORT) | |||
CODE | Құжаттың жүйелік сәйкестендіргіші | 13 | |
EMCODE | Негізгі кесте жазбасының жүйелік сәйкестендіргіші (M_IMMIGRANT.CODE) | 13 | |
GSID | Негізгі кесте жазбасының адамды сәйкестендіргіші (M_IMMIGRANT.GSID) | 13 | |
CITIZEN | Құжатты берген мемлекеттің коды | 9 | Елдер анықтамалығына сәйкес |
PTYPE | Құжат түрінің коды | 3 | Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлері анықтамалығына сәйкес |