"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 401 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Байқоңыр" ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, "Байқоңыр" ауданы, Брусиловский көшесі, 17/3.";

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Департаменттің басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, жұмыскерлерінің және қызметкерлерінің, Департаменттің аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      2) Департаменттің штат санының лимиті шегінде Департаменттің штат кестесін бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      Департаменттің жұмыскерлерін және қызметкерлерін;

      кеден бекеттерінің басшыларын және олардың орынбасарларын;

      кедендік ресімдеу орталығы кеден бекеттерінің – басқармаларының басшыларын;

      аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

      5) Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Департаменттің басшыларының орынбасарларын, Департаменттің жұмыскерлері мен қызметкерлерін және Департаменттің аумақтық органдарының басшыларын және басшылардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;

      8) Комитетке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауапкершілікте болады;

      9) өз құзыреті шегінде Департаменттің актілеріне қол қояды;

      10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындау жүзеге асырады.".

      2. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылары заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Комитеттің Ішкі әкімшілендіру департаменті Ұйымдастыру басқармасы (І.С. Сейдахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Байқоңыр" ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы
А. Теңгебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады