"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 97 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 86 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 03.07.2020 № 86 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9834 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес;";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақшамен толықтырылсын:

      "17) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      14-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 17-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Заң басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына басшылыққа алу және орындау үшін жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары орындалуы туралы бір айлық мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетін ақпараттандыра отырып, белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 9 тамыздағы
№ 97 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2014 жылғы 15 қазандағы
№ 13 бұйрығына
14-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік статистикалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік аумақтық органы болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Департамент заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі, 30а үй.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Департаменттің міндеттері:

      мемлекеттік статистиканың қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

      14. Департаменттің функциялары:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) статистикалық әдiснаманы қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқауларды ұйымдастыру және өткізу;

      4) ұлттық санақтар бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;

      5) әкiмшiлiк деректердi тек статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тiркелiмдердi өзектілендіру үшiн ғана пайдалану;

      6) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысындағы тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) ұлттық санақтарды жүргізеді;

      9) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексерудің және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      10) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізеді;

      11) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингілеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асырады;

      12) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді;

      13) облыстың және оның қалаларының, аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық деректер қорын жинақтауды, жүргiзудi және өзектілендіруді қамтамасыз ету;

      14) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      15) Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

      респонденттерден алғашқы статистикалық деректердi өтеусiз негiзде алу;

      үй шаруашылықтарынан олардың табыстары мен шығыстары туралы қажеттi алғашқы статистикалық деректердi өтеулi және өтеусiз негiзде алу;

      статистикалық ақпаратты түзу кезiнде алғашқы статистикалық деректердiң анықтығын растау үшiн респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;

      респонденттердiң алғашқы статистикалық деректердi бұрмалағаны анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгiзудi талап ету.

      дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;

      байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Департамент Басшысы жүзеге асырады.

      17. Департамент Басшысын Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Департамент Басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Департамент Басшысының өкілеттіктері:

      1) Комитет төрағасы бекітетін, әзірленген бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар енгізеді;

      2) өз орынбасарларының және Департамент қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      5) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлерінің орындауы міндетті құқықтық актілер шығарады, нұсқаулар береді;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;

      7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      8) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды;

      9) Департамент қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент Басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Департамент Басшысы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамамен көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Департаменттің мүлкi оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздердің мүлкі (ақшалай табыстарды қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

      22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 9 тамыздағы
№ 97 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2014 жылғы 15 қазандағы
№ 13 бұйрығына
17-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік статистикалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік аумақтық органы болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Департамент заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі, 30а үй.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Департаменттің міндеттері:

      мемлекеттік статистиканың қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

      14. Департаменттің функциялары:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) статистикалық әдiснаманы қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқауларды ұйымдастыру және өткізу;

      4) ұлттық санақтар бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;

      5) әкiмшiлiк деректердi тек статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тiркелiмдердi өзектілендіру үшiн ғана пайдалану;

      6) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысындағы тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) ұлттық санақтарды жүргізеді;

      9) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексерудің және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      10) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізеді;

      11) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингілеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асырады;

      12) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді;

      13) облыстың және оның қалаларының, аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық деректер қорын жинақтауды, жүргiзудi және өзектілендіруді қамтамасыз ету;

      14) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      15) Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

      респонденттерден алғашқы статистикалық деректердi өтеусiз негiзде алу;

      үй шаруашылықтарынан олардың табыстары мен шығыстары туралы қажеттi алғашқы статистикалық деректердi өтеулi және өтеусiз негiзде алу;

      статистикалық ақпаратты түзу кезiнде алғашқы статистикалық деректердiң анықтығын растау үшiн респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;

      респонденттердiң алғашқы статистикалық деректердi бұрмалағаны анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгiзудi талап ету.

      дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;

      байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Департамент Басшысы жүзеге асырады.

      17. Департамент Басшысын Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Департамент Басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Департамент Басшысының өкілеттіктері:

      1) Комитет төрағасы бекітетін, әзірленген бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар енгізеді;

      2) өз орынбасарларының және Департамент қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      5) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлерінің орындауы міндетті құқықтық актілер шығарады, нұсқаулар береді;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;

      7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      8) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды;

      9) Департамент қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент Басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Департамент Басшысы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамамен көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Департаменттің мүлкi оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздердің мүлкі (ақшалай табыстарды қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

      22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады