Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 86 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына осы бұйрықты мәлімет үшін жолдау

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
статистика комитеті төрағасының
2020 жылғы 3 шілдедегі
№ 86
бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 185 бұйрығы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 97 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 тамызда жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 24 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 22 ақпанда жарияланған);

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 58 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 2 мамырда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады