"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 360 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 46/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.04.2019 № 46/НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшада:

      Министрлік Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықтың қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әділет органдарында қайта тіркелуін;

      2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Ақпарат
және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады