"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 46/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.04.2019 № 46/НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 қаулысының 3-тармағын (бұдан әрі – қаулы) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2016 жылғы 20 маусымдағы № 6 бұйрығы;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 264 бұйрығы.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықтың қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әділет органдарында қайта тіркелуін;

      2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қаулының күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар Министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 445 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Телекоммуникациялар комитетінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ байланыс және ақпараттандыру саласындағы реттеушілік және стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген заңнамалық тәртіппен Төрағаның бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрімен келісу бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

      7. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс.

      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.

      12. Комитет:

      1) Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат құжаттар басқармасынан (бұдан әрі - ТсРҚБ);

      2) Байланыс саласындағы бақылау басқармасынан (бұдан әрі - БсББ);

      3) Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы бақылау басқармасынан (бұдан әрі - АКТсББ);

      4) Байланыс саласындағы талдау және тарифтерді реттеу басқармасынан (бұдан әрі - БсТТРБ);

      5) Телекоммуникациялар саласындағы жобаларды дамыту басқармасынан (бұдан әрі - ТсЖДБ) тұрады.

2-тарау. Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. ТсРҚБ міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру;

      2) Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру.

      ТсРҚБ-ның функциялары:

      1) реттеушілік:

      Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде:

      жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын;

      радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шетелдерден әкелу тәртiбiн және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын;

      радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын және регламенттерін;

      нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын;

      ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін;

      байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарды және өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу;

      2) іске асырушылық:

      азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;

      радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;

      Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;

      азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін қоса алғанда бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;

      Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындау;

      Министрліктің Қаржы департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;

      байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология аясында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      радиожиілік спектрді тиімді пайдалану;

      жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;

      радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу;

      нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөлу, сондай-ақ оларды жою;

      нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;

      байланыс саласындағы қызметті лицензиялау.

      14. БсББ-ның міндеті: Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау.

      БсББ-ның функциялары:

      1) реттеушілік:

      байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшем шарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін;

      радиобақылауды жүзеге асыру, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын;

      құрылыс, байланыс желілерін пайдалануға беру және дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтауы талаптарын;

      бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін;

      қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникациялар желiлеріне қойылатын талаптарды;

      байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін қамтамасыз ететін нормаларды;

      жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын;

      күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар желiлерiн күзету қағидаларын;

      радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғыға рұқсатты алып қою тәртібін;

      ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын;

      пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері сапасының көрсеткіштерін;

      телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл ету қағидаларын;

      Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн;

      байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін әзірлеу.

      2) Іске асырушылық:

      азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрінің, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін ұйымдастыру;

      әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;

      радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындау;

      Министрліктің Қаржы департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарма құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

      3) бақылау түріндегі:

      радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзуді жүзеге асыру;

      тексерулер жүргізуді және байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды ұйымдастыру;

      Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

      15. АКТсББ-ның міндеті: Ақпараттандыру саласындағы қызметке мемлекеттік бақылау.

      АКТсББ-ның функциялары:

      1) реттеушілік:

      Ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

      іске асырушылық:

      мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша қызметінің тиімділігін бағалауды үйлестіру іске асырады;

      куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүзеге асыру;

      іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

      әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесу;

      ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу;

      басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындау;

      Министрліктің Қаржы департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      басқарма құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

      2) бақылау түріндегі:

      электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16. БсТТРБ-ның міндеті: Байланыс саласындағы тарифтерді талдау және реттеу.

      БсТТРБ-ның функциялары:

      1) реттеушілік:

      байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде:

      Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және субсидияларлар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын;

      техникалық құралдарды орналастыруға қажетті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық операторының "электрондық үкімет" инфрақұрылым мұқтаждықтары үшін желілері мен байланыс арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын;

      ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын;

      байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу қағидаларын;

      кабельдік арналарды пайдалануға беру қағидаларын;

      тарифтеу бірліктерінің мөлшерлерін қамтамасыз ететін нормаларды;

      телекоммуникациялар және әмбебап пошта қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін немесе олардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) шекті деңгейлерін, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстар, қызметтер) бағаларды есептеу әдістемелерін;

      тарифтік сметаларды, тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін, телекоммуникациялар және әмбебап пошта қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін әзірлеу және оларды бекітуге ұсыну.

      2) іске асырушылық:

      телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеуді жүзеге асыру;

      мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың бағасын монополияға қарсы органмен келiсiм бойынша белгiлеу;

      ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін және өзіндік құнын реттеу;

      техникалық құралдарды орналастыруға қажетті уәкілетті мемлекеттік органдардың, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық операторының "электрондық үкімет" инфрақұрылым мұқтаждықтары үшін желілері мен байланыс арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын бағаларды (тарифтерді) реттеу;

      телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің инфрақұрылымына және тауарларға кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарығына талдау жасау;

      комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің жоспарланған құжаттарын орындау;

      өз құзыреті шегінде телекоммуникациялар саласындағы мәселелер бойынша байланыс саласындағы Аймақтық достастықтың халықаралық ұйымдарымен, Халықаралық электробайланыс одағымен өзара іс-қимыл ету;

      басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындау;

      Министрліктің Қаржы департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарма құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      ауылдық елді мекендерде көрсетілетін әмбебап байланыс қызметтерін көрсету операторларына конкурс өткізу, ауылдық елді мекендерде әмбебап байланыс қызметтерін көрсету операторларының шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасу;

      оператордың әмбебап байланыс қызметтерін көрсеткені үшін шығындарды өтеуге субсидиялардың мөлшері туралы тізімдемесін құрастыру;

      3) бақылау түріндегі:

      өз құзіреті шегінде табиғи монополиялар реттелетін нарықтар салаларында бақылау жүргізу.

      17. ТЖДБ-ның міндеттері:

      1) реттеушілік:

      Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде:

      телекоммуникация желілерін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын;

      Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу, бекітуге ұсыну.

      3) іске асырушылық:

      басқарманың құзыретіне кіретін байланыс саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың қызметін үйлестіру;

      телерадио хабарландыру ұлттық операторының цифрлік-эфирлік хабар таратуға қатысты қызметін үйлестіру;

      мемлекеттік органдармен, атқарушы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланыс жобаларын дамыту бойынша өзара іс-қимыл ету;

      басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындау;

      Министрліктің Қаржы департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде үш жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде телекоммуникациялар саласындағы мәселелер бойынша байланыс саласындағы Аймақтық достастықтың халықаралық ұйымдарымен, Халықаралық электробайланыс одағымен өзара і-қимыл ету.

      18. Аумақтық бөлімшелердің функциялары.

      1) іске асырушылық:

      радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;

      пайдалану және (немесе) құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;

      пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;

      үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалануға қабылдануына қатысу;

      4) бақылау түріндегі:

      радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

      электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

      қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру.

      19. Комитеттің құқықтары.

      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;

      өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      Комитеттің құзыреті шегінде аумақтық инспекциялардың қызметін бақылау және үйлестіру;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ жартыжылдық тексеру жүргізу жоспарларын әзірлеу;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;

      арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіруі;

      пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;

      байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      байланыс жобаларын дамыту бойынша мемлекеттік органдармен, атқарушы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл ету.

      20. Комитеттің міндеттемелеріне мыналар кіреді:

      Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мен құқықтарын сақтау;

      Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу.

3-тарау.Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      21. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.

      22. Комитет төрағасының белгіленген заңнамалық тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      23. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.

      24. Комитеттің төрағасы мынадай мақсаттарда:

      Комитетке жүктелген функциялар шегінде Министрдің, Министрліктің жауапты хатшының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;

      өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;

      өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін қорғайды;

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;

      сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;

      өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы орнында болмаған мерзімде, оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелердің және аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және іштей бақылайды;

      2) Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын міндетте түрде орындайды;

      3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      26. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

      27. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.

      28. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      29. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге жол берілмейді.

      30. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі осы ереженің қосымшасында келтірілген.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігінің
Телекоммуникациялар комитеті"
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнің ережесіне
қосымша

Министрлік Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Батыс-Қазақстан облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.08.2018 № 360 бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады