ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 30.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 30.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - осы бұйрықтың 4-тармағымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 65-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 9824 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 10 қарашада жарияланған) күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылдың 30 шілдеден бастап күшіне енеді.
Министр | М. Мырзағалиев |