"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 576 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 маусымдағы № 137-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 16.06.2021 № 137-НҚ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9846 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережесінде:

      19-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін;

      аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ тілінде және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады