БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына (2016 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен оған жүктелген жер ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы - "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бар.";
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жерлерінің баланстары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы жерлерінің балансын құру;";
16-тармақ алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Міндеті: жер қатынастары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жер қатынастарын реттеу саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру;
2) заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) құзыреті шегінде жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
6) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасы саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
7) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және ұсыну.
Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.";
25-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Министрлікпен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын тағайындайды;";
Ережеге қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |