"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 2019 жылғы 8 ақпандағы № 51 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының м.а. 2019 жылғы 17 маусымдағы № 141 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының м.а. 17.06.2019 № 141 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларында:

      2 – бөлімнің 12–тармағы алып тасталсын;

      3 – бөлімнің 16–тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады