Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының м.а. 2019 жылғы 17 маусымдағы № 141 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 26.10.2023 № 1-НҚ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықтың 1, 2, 3 ,4 ,5 ,6 , 7, 8 қосымшаларында:

      2 – бөлімнің 14 – тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;

      3 – бөлімнің 16 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасының 2019 жылғы 8 ақпандағы №51 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а М. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады