"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 27 қарашадағы № 882 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Көлік министрінің 29.09.2023 № 17 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" және "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Transport tower" ғимараты.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрлік оған жүктеген мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      4) шет мемлекеттердің авиациялық биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, азаматтық авиацияға қатысты ақпаратпен және тәжірибемен алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      5) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген, әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізу;

      9) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

      10) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мәніне бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

      11) әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

      13) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      14) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      16) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      17) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      18) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      19) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;

      20) әуе көлігін пайдалануға қатысты тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығынан мiндеттi сақтандыру шартын жасауын бақылауды жүзеге асыру;

      21) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды бекіту, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығару;

      22) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді және аккредиттеу туралы куәлікті беруді, сондай-ақ ондай куәлікті беруден бас тартуды жүзеге асыру;

      23) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      24) халықаралық рейстердi қамтамасыз етуге рұқсат етiлмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерiн қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарды беру;

      25) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерiнiң халықаралық тұрақты емес (бiр жолғы) ұшуларды орындауына рұқсаттар беру;

      26) iшкi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауды келiсу;

      27) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық және субсидияланатын (облыс ішіндегілерді қоспағанда) авиамаршруттарға куәлiктер беру;

      28) Шетел пайдаланушының Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонумен халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру

      29) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелері бекіту;

      30) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбастан шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту

      31) шет мемлекеттердiң әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнiмдердi тасымалдау үшiн азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының халықаралық ұшуын келiсу және өз құзыреті шегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен келісу;

      32) авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру туралы шешім қабылдау, рұқсат беруден бас тарту, бұрын берілген рұқсатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу;

      33) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауына мемлекеттiк реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      34) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;

      35) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар салаларында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу не одан алып тастау қажеттілігі туралы қорытындыны қалыптастыру және осындай қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізу;

      36) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар енгізу;

      37) тиісті табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілеу;

      38) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде мұндай нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда реттеуді енгізу;

      39) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;

      40) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілері, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайларда оларға орындалуы міндетті нұсқамалар, оның ішінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлікті иеліктен шығару туралы нұсқамалар енгізу;

      41) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге бастамашылық жасау;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      43) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендетуге бастамашылық жасау;

      44) тағайындалатын оңалтуды басқарушының кандидатурасын және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісін оңалту жоспарын келiсу;

      45) өз құзыреті шегінде белгіленген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту;

      46) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау;

      47) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуды өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеу;

      48) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитындардан басқа, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша қабылданған шешімдермен таныстыру;

      49) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      50) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      51) шығындары әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуды бақылауды жүзеге асыру;

      52) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзу жағдайлары мен кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту фактілері туралы ақпарат беру;

      53) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      54) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелер) және тарифтік сметалар туралы ақпаратты олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      55) бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      56) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асыру;

      57) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келісу;

      58) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;

      59) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсi нұсқаманы орындамаған жағдайда iшкi рейстерде әуежайлар қызметтерiн көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қою;

      60) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау және қарау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану;

      61) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      62) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері бойынша табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері осы салалар шеңберінде ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу тұрғысынан талдау жүргізу және талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару (енгізу) туралы ұсыныстар енгізу;

      63) азаматтық авиация саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобаның) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;

      64) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдау;

      65) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізу, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтың барлық жағдайлары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      66) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын әзiрлеу;

      67) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту;

      68) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.";

      осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Функциялары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      2) азаматтық әуе кемелерімен әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың жолын кесу;

      3) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау және қарау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіпптен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады