"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 58 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 86 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 03.07.2020 № 86 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9834 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаментің заңды мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 73 үй.";

      көрсетілген бұйрыққа 11-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 41 үй.";

      көрсетілген бұйрыққа 13-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 150008, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 83.";

      көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160024, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 037 орам, 3685-құрылыс, Департаменттер үйі.";

      көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік статистикалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік аумақтық органы болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 22.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Заң басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына басшылыққа алу және орындау үшін жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары орындалудың қорытындылары туралы бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетін ақпараттандыра отырып, белгіленген мерзімдерде осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады