Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимылы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 556 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдары мен мекемелері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына:

      1) орналасқан мекен-жайын көрсете отырып, бағынысты білім беру ұйымдарының және мекемелерінің Тізілімін;

      2) мекеме және өңірлер бөлінісінде білім беру ұйымдарына қарасты тұрғын объектілерінде тұрақты тұратын оқушылар тізімін 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 30 қазанына дейінгі кезеңде курстары бойынша бөліп ұсынады.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық тараптардың соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

_____________ Н. Айдапкелов


Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

__________А. Аймағамбетов

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады