Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 190 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 777 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық тараптардың соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_____________ Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________ Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2019 жылғы 24 желтоқсан № 190
  және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсан
№ 777 бірлескен бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1-30 қазан аралығындағы кезеңде халықтың ұлттық санағын өткізу мерзімдері (бұдан әрі – халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді (бұдан әрі – Жоспар).

      2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі (келісім бойынша) енгізілген.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСМ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарының санақ персоналына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда халық санағын өткізу кезінде жәрдемдесуді (кіруді қамтамасыз етеді) жүзеге асырады.

      4. "Жоспарға, сондай-ақ "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19465 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде уақытша жоқ адамдарды және уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді қоса алғанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі – ҚР ДСМ объектілері) стационарлық емделудегі адамдар (бұдан әрі – респонденттер) жатады.

      Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен өткізіледі:

      1) санақ персоналының респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы;

      2) Халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күн халық санағы Интернет желісі арқылы www.sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтында онлайн режимде, көрсетілген сайтта тіркеліп және электрондық санақ парақтарын өз бетінше толтырғаннан кейін өткізіледі.

2-тарау. Халық санағын өткізу

      5. ҚР ДСМ объектілерінде халық санағы респонденттердің электрондық санақ парақтарын онлайн режимде "sanaq.gov.kz" сайтында өз бетінше толтыруы немесе оларға планшеттерде аумақтық статистика органдарының санақ персоналының сауал салуы арқылы өткізіледі.

      6. Респондентке жеке сауал салу мүмкіндігі болмаған жағдайда аумақтық статистика органының санақ персоналы санақ парақтарын толтыру үшін мәліметтерді ДСМ объектілерінің әкімшілігінен алады.

      7. Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер www.sanaq.gov.kz сайтында тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторизациялаудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.

      ҚР ДСМ объектілерінің басшылары халық санағынан онлайн режимде өту үшін (үй-жайлармен және Интернетке шығатын компьютерлермен қамтамасыз ету) жағдайлар жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады