Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 13 шiлдедегi № 668 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Б. Шолпанқұлов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 13 шілдедегі
№ 668 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 360 бұйрығы (2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 768 бұйрығы (2018 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 209 бұйрығы (2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 403 бұйрығы (2019 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады