БҰЙЫРАМЫН:
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 133911 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде";
жүз жиырма тоғызыншы азат жол келесі редакцияда жазылсын:
"Комитет реттейтін саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін анықтайтын заңға тәуелді нормативті құқықтық актілерді әзірлеу";
келесі мазмұндағы жүз отызыншы азат жолмен толықтырылсын:
"жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметті мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізгеннен кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы өкілетті органмен келісе отырып, оның көрсетілуін электрондық форматқа көшіру бойынша шаралар қабылдау".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бес жұмыс күні ішінде жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Абаев |