"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 155 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      13-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "5) Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасы;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы;";

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы.";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. Міндеттері:

      1) діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу.

      Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу;

      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу және талдау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу.

      Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру;

      деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасу;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      Дінтану сараптамасы басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;

      Комитеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      Дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды тағайындау жөніндегі комиссия туралы ережені және комиссияның құрамын бекіту.

      Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      діни білім беру ұйымдарының қызметіне, оның ішінде білім саласындағы заңнаманы және діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтау нысанасында мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

      "Дінтану", "Исламтану", "Теология" мамандықтары және оқу әдебиеті бойынша, сондай-ақ христиандық және басқа да конфессиялар бойынша діни білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттерге мониторинг жүргізуде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

      Жиынтық талдау және жоспарлау басқармасы:

      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      діни қызмет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;

      діни қызметке зерделеу және талдау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органның қызметін қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

      Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу ;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      дін мәселелері бойынша республикалық және жергілікті ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.

      Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      іске асыру:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған материалдарды дайындау, Интернет желісінде жариялау және ілгерілету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;

      интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу саласындағы озық халықаралық тәжірибені енгізу;

      Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      діни қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      реттеушілік:

      Комитет реттейтін салада нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттемелері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      3) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;

      4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;

      5) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      7) Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.";

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      реттік нөмірлері 1, 2-жолдар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабар беруді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады