"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 333 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №129 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің" ережесінде:

      15-тармақта:

      "Талдау және мониторинг басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақсан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативік-құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Комитеттің құзіреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша старатегиялық құжаттар әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;";

      "Жиынтық жұмыс және жоспарлау басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитеттің құзіреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жұйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтіқ құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Министрліктің ведомствосы құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;";

      "Өңірлік жұмыс басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзіреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шегінде жастар арасындағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапамалық кеңестің қарауына енгізу;

      Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;";

      "Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      Комитеттің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзіретіне кіретін қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапамалық кеңестің қарауына енгізу;

      Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;";

      "этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен, және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;" деген жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен, жастар ұйымдармен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;";

      "Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақсан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзыретіне кіретін қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      өз құзыреті шегінде ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шегінде жастар арасындағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар және шарттарды, оның ішінде халықаралық келісімдерді әзірлеу мен жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;";

      "Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде ақпаратты Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының біріңғай платформасында орналастыру және өзектендіру;

      адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзіретіне жататын қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;";

      "Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзіретіне жататын қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;";

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабарлауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады