"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 19-4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы уәкілетті органның елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі осы бірлескен бұйрықтың өз интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 278 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 85 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 19-4-тармағына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну тәртібі
2. Уәкілетті орган осы Қағидалар күшіне енген кезден кейін бір ай ішінде Мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) электрондық құжат айналымының жүйесімен электрондық құжат түрде ұсынады.
3. Уәкілетті орган Мәліметтерді жаңарту нәтижелері бойынша жылына екі рет, бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеден кешіктірмей және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтардан кешіктірмей Мәліметтерді электрондық құжат айналымының жүйесімен электрондық құжат түрде ұсынады.
Мәліметтер жаңартылмаған жағдайда Уәкілетті орган Комитетке тиісті хабарламаны жолдайды.
4. Мәліметтер мемлекеттік органның басшысының орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. Техникалық қателіктер туындаған кезде, Мәліметтер электронды тасымалдағышта "Microsoft Excel" нысанында хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынылады.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін Мәліметтер осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес ұсынылады.
6. Ұсынылатын Мәліметтер мынадай деректерді:
1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің (бұдан әрі – ҰМИО) мемлекеттік тізіліміне енгізілген объектінің атауын;
2) ҰМИО сипаттамасын (қысқаша сипаттамасы, шығу тегі);
3) ҰМИО жасалған күнін;
4) ҰМИО мәліметтерін (материалдың атауы, көлемі, салмағы, саны);
5) ҰМИО орналасқан жерін;
6) ҰМИО фотосуретін;
7) тізілім нөмірін;
8) меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірін;
9) меншік иесінің тегі, аты, әкесінің атын (болған жағдайда);
10) ҰМИО құнын (болған жағдайда) қамтиды.
7. Комитет осы Қағидалар шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.