Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Ақсу кенті, Қарабұлақ ауылы, Қырық құдық ауылы, Изобильное ауылының жайылымдарын Степногорск қаласы жерлерінің әкімшілік шекараларындағы геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № А-7/337 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 9-бабы 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Аксу кенті, Қарабұлақ ауылы, Қырық құдық ауылы, Изобильное ауылының жайылымдарын Степногорск қаласы жерлерінің әкімшілік шекараларындағы геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.З. Мұқатовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Е.Баяхметов


  Степногорск қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 26 шілдедегі
№ А-7/337 қаулысына
қосымша

Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Ақсу кенті, Қарабұлақ ауылы, Қырық құдық ауылы, Изобильное ауылының жайылымдарын Степногорск қаласы жерлерінің әкімшілік шекараларындағы геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады