"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды қамтамасыз ету, инженерлік қару-жарақ құралдарымен, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 669 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 680 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды қамтамасыз ету, инженерлік қару-жарақ құралдарымен, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19211 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде 2019 жылғы 14 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін, оқу бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды қамтамасыз ету, инженерлік қару-жарақ құралдарымен, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормасында:

      1-тарауда:

      2.15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Мобильді тез жазылатын инженерлік қоршау

жинақ

2

2

2

5

жергілікті жердің учаскелеріне тосқауыл қою үшін

қоғамдық тәртіпті қорғау батальонына, әскери оқу орнына және оқу бөліміне

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Е. С. Ботақанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде оның көшірмесін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      __________________________

      2021 жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады