БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамсыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22467 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтылыммен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларында:
реттік нөмірі 65-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
65. | Планшет | Дана | 1 | 4 | Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтыру және ақпараттық жүйелерге қолжеткізу үшін. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін. Пробация қызметтерінде есепте тұрған адамдарды бақылауды жүзеге асыру үшін. | Патрульдік полиция, көліктегі және метрополитендегі патрульдік полиция, көші-қон қызметі бөліністері, учаскелік полиция инспекторына, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторға, қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі. Ішкі істер органдары білім беру мекемелерінің әрбір курсанты, магистранты, докторанты, профессорлық - оқытушылардың құрамына. |
".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | Е. Тұрғымбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________Е. Жамаубаев
2021 жылғы "____" ________