Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Ырғыз ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3124 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
С. Қонақбаев |