Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 257 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабы 4-тармағының, 1) тармақшасына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарсай ауылдық округі, Ақсай ауылының тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында "Утепберген" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің аумағында орналасқан зираттарға, қорымдарға жер учаскесi арқылы жаяу немесе көлiкпен өту үшін, жалпы алаңы 100 гектар жер учаскелерін алып қоймастан, 15 (он бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қобда ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда ауданының әкімі Б. Құлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады