"Темір ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 124 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 66 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Темір ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 171 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақтөбе облысы Темір ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған Ақтөбе облысы Темір ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Шаимов

  Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 124 шешіміне қосымша
  Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 171 шешімімен бекітілген

Ақтөбе облысы Темір ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысы Темір ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрi–Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3–1–тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін–өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік–аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкіл сандық құрамда бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарына тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады