Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының "2021-2023 жылдарға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7886 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Бершүгір ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 37270,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3008,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –170,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 34092,0 мың теңге;
2) шығындар – 39717,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2447,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2447,2 мың теңге;
қарыздар түсімдері – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2447,2 мың теңге.";
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 605 "2021-2023 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы" шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен 2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне 7804,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт бөлінгені ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу Бершүгір ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Ауылдық округтің 2021 жылға арналған бюджетіне облыстық бюджеттен жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге 9788,0мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт түскені ескерілсін.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
С. Жоламанов |
Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 95 шешіміне қосымша | |
Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 шешіміне 1-қосымша |
2021 жылға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджеті
Санаты |
Сомасы, | ||||
Сыныбы | |||||
Ішкі сыныбы | |||||
Атауы | |||||
I. Кірістер | 37270,0 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 3008,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 3008,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 58,0 | |||
3 | Жер салығы | 200,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 2750,0 | |||
2 | Салықтық емес түсімдер | 170,0 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 170,0 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 170,0 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 34092,0 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 34092,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 34092,0 | |||
II. Шығындар | 39717,2 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 29512,1 | |||
1 | Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар | 29512,1 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 29512,1 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 29512,1 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 10204,9 | |||
3 | Елдімекендерді көркейту | 10204,9 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 10204,9 | |||
008 | Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру | 1150,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 321,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 8733,9 | |||
15 | Трансферттер | 0,2 | |||
1 | Трансферттер | 0,2 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,2 | |||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 0,2 | |||
III. Бюджет тапшылығы (профициті) | -2447,2 | ||||
IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 2447,2 | ||||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 2447,2 | |||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 2447,2 | |||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 2447,2 |