2021-2023 жылдарға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 7886 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2021-2023 жылдарға арналған Бершүгір ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер - 38006,0 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 2886,0 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер –80,0 мың теңге;

      трансферттердің түсімдері – 35040,0 мың теңге;

      2) шығындар – 40453,2 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2447,2 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2447,2 мың теңге;

      қарыздар түсімдері – 0 теңге;

      қарыздарды өтеу – 0 теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2447,2 мың теңге.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 23.11.2021 № 124 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

      салықтық түсімдер бойынша:

      меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:

      мүлікке салынатын салықтар;

      жер салығы;

      көлік құралдарына салынатын салық;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлем;

      салықтық емес түсімдер бойынша:

      аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар; жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

      мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

      коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

      басқа да салықтық емес түсімдер.

      3. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;

      2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2917 теңге;

      3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34302 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.

      4. Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 605 "2021-2023 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы" шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне 2021 жылға берілетін субвенция көлемі 16500,0 мың теңге сомасында көзделсін.

      5. Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №605 "2021-2023 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы" шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен 2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне 10278,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт бөлінгені ескерілсін.

      Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу Бершүгір ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде айқындалады.

      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 23.11.2021 № 124 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-1. Ауылдық округтің 2021 жылға арналған бюджетіне облыстық бюджеттен жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге 8262,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт түскені ескерілсін.

      Ескерту. Шешім 5-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.09.2021 № 95 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 23.11.2021 № 124 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. 2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі, 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      7. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      8. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ж. Шамбалаев
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 шешіміне 1 қосымша

2021 жылға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджеті

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 23.11.2021 № 124 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

Санаты

Сомасы,
мың теңге


Сыныбы


Ішкі сыныбы


Атауы




I. Кірістер

38006,0

1



Салықтық түсімдер

2886,0


01


Табыс салығы

30,0



2

Жеке табыс салығы

30,0


04


Меншікке салынатын салықтар

2856,0



1

Мүлікке салынатын салықтар

109,0



3

Жер салығы

234,0



4

Көлік құралдарына салынатын салық

2513,0

2



Салықтық емес түсімдер

80,0


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

80,0



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

80,0

4



Трансферттердің түсімдері

35040,0


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

35040,0



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

35040,0

II. Шығындар

40453,2

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

30327,8


1



Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар

30327,8



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

30327,8




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

30327,8

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

10125,2


3



Елдімекендерді көркейту

10125,2



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

10125,2




008

Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру

1010,0




011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

9115,2

15




Трансферттер

0,2


1



Трансферттер

0,2



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

0,2




048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

0,2





III. Бюджет тапшылығы (профициті)

-2447,2





IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

2447,2

8




Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

2447,2


01



Бюджет қаражаты қалдықтары

2447,2



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

2447,2

  Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 шешіміне 2 қосымша

2022 жылға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджеті

Санаты

Сомасы,
мың теңге


Сыныбы


Ішкі сыныбы


Атауы




I. Кірістер

23289,0

1



Салықтық түсімдер

3118,0


04


Меншікке салынатын салықтар

3118,0



1

Мүлікке салынатын салықтар

58,0



3

Жер салығы

210,0



4

Көлік құралдарына салынатын салық

2850,0

2



Салықтық емес түсімдер

182,0


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

182,0



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

182,0

4



Трансферттердің түсімдері

19989,0


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

19989,0



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

19989,0

II. Шығындар

23289,0

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

21137,0


1



Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар

21137,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

21137,0




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

21137,0

07




Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық

2152,0


3



Елді мекендерді көркейту

2152,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2152,0




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

350,0




009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

321,0




011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

1481,0





III. Бюджет тапшылығы (профициті)

0,0





IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0,0

  Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 шешіміне 3 қосымша

2023 жылға арналған Бершүгір ауылдық округ бюджеті

Санаты

Сомасы,
мың теңге


Сыныбы


Ішкі сыныбы


Атауы




I. Кірістер

23289,0

1



Салықтық түсімдер

3150,0


04


Меншікке салынатын салықтар

3150,0



1

Мүлікке салынатын салықтар

58,0



3

Жер салығы

210,0



4

Көлік құралдарына салынатын салық

2882,0

2



Салықтық емес түсімдер

182,0


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

182,0



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

182,0

4



Трансферттердің түсімдері

19957,0


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

19957,0



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

19957,0

II. Шығындар

23289,0

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

21137,0


1



Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар

21137,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

21137,0




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

21137,0

07




Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық

2152,0


3



Елді мекендерді көркейту

2152,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2152,0




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

350,0




009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

321,0




011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

1481,0





III. Бюджет тапшылығы (профициті)

0,0





IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0,0

  Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 шешіміне 4 қосымша

2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

Функционалдық топ


Кіші функция


Әкімші


Бағдарлама


Атауы

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық


3



Елді-мекендерді көркейту



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты




011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады