Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімдері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М. Е. Сұлтанғазиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
1-қосымша

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-1-тармағына сәйкес әзірленді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2-тарау. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі және мерзімдері

      2. Уәкілетті орган осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комиет) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне дейін желі арқылы берілетін деректерді қорғауды, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрлауды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы Мәліметтерді ұсынады.

      3. Салықтық бақылау шеңберінде мемлекеттік кірістер органы осы Қағидаларының қосымшасына сәйкес нысан бойынша Уәкілетті органға мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын жолдайды.

      Уәкілетті орган мәліметтерді сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      4. Мәліметтер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады және Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты қызметкер қол қояды.

      5. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателіктер туындаған кезде, Мәліметтер электронды тасымалдағышта "Microsoft Excel" нысанында хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынылады.

      6. Мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құп.

  Сауда қызметін реттеу
саласындағы уәкілетті органның
жеке тұлғалардың биржалық
тауарлармен мәмілелері туралы
мәліметтерді ұсыну қағидалары
мен мерзімдеріне
қосымша
  нысан

Мәліметтерді ұсыну үшін мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсынуды сұрайды

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейін кезеңі үшін

      Сұрау салуды жолдау себептері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының

      Басшысы (орынбасары)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 280 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер

Тауар түрі

Биржалық мәміле

Тауар туралы мәлімет

күні

нөмірі

атауы

саны

лот сомасы

1

2

3

4

5

6

7









Биржалық сауда қатысушылары

Сауда режимі

атауы

лот сомасы

сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

сатып алушының және (немесе) дилердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы

сатып алушуның брокері

сатушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

сатушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы

сатушының брокері

5

7

8

9

10

11

12

13

14










  "Жеке тұлғалардың биржалық
тауарлармен мәмілелері туралы
мәліметтер" нысанына
қосымша

"Жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер" нысанын мемлекеттік бақылауды және тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – биржалық мәміледе өткізілетін тауардың түрі көрсетіледі;

      3-бағанда – биржалық мәміле жасасқан күн көрсетіледі;

      4-бағанда – биржалық мәміленің нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда – биржалық тауардың атауы көрсетіледі;

      6-бағанда – 5-бағанда көрсетілген тауардың саны көрсетіледі;

      7-бағанда – лоттың сомасы көрсетіледі, теңгемен;

      8-бағанда – биржалық тауарды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      9-бағанда – 8-бағанда көрсетілген сатып алушының және (немесе) дилердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы көрсетіледі;

      10-бағанда – 8-бағанда көрсетілген сатып алушы брокерінің атауы көрсетіледі;

      11-бағанда – биржалық тауарды сатушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      12-бағанда – сатушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы көрсетіледі;

      13-бағанда – сатушы брокерінің атауы көрсетіледі;

      14-бағанда – биржалық сауда режимі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады