"Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 1551 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 1-тармағына және 39 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 02.12.2022 № 2431 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.

      3. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Дуйсебековке жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкiмi М. Әйтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "7" желтоқсандағы
№ 1551 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бұдан әрі - (Басқарма) Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриалды - инновациялық, өнеркәсіп, инвестиция, сауда салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Nursultan Nasarbaev даңғылы, № 10, индекс 160023.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      өз құзыреті шегінде Шымкент қаласының аумағында экспортты жылжытуды индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;

      жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;

      индустриялық даму жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, жетілдіруге және үйлестіруге қатысу;

      басқарма жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;

      қаладағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру;

      Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуал жасау жөнінде шаралар қабылдау;

      сауда және қызмет көрсету саласында бірыңғай өңірлік саясат жүргізу;

      сауда, оның ішінде көтерме-бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, стационарлық және көшпелі сауда, меншік нысанына қарамастан базарлардың, қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет көрсету саласының қызметі және өз құзыреті шегінде азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      қаланың сауда инфрақұрылымын дамыту;

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз өкілеттіктері шегінде қалалық бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму саласындағы шарттар шеңберінде барлық жұмыстар мен іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады;

      құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      Басқарманың қарамағындағы акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, коммуналдық мемлекеттік мекемеге қатысты мемлекеттік басқару және уәкілетті органының қызметін атқарады;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      стационарлық және жылжымалы аттракциондарды есепке қою жөніндегі уәкілетті орган болып табылады;

      өз құзыреті шегінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 204-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырады;

      2) міндеттері:

      индустриалық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриалық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриалық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;

      негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға ұсыныс енгізеді;

      қала әкімдігінің жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау бойынша ұсыныс енгізеді;

      жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

      сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

      қаланың салаларын дамыту үшін инвестициялар тартады;

      заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың қызмет саласына қатысты салаларда қызмет ететін шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

      15. функциялары:

      1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асыру;

      2) жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) қала аумағында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      4) өңірлік индустриаландыру карталарын әзірлеу;

      5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;

      6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      7) "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптің басым салалары бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұсынады;

      8) индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдарға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;

      9) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;

      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      11) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты жылжытуды жүзеге асырады;

      12) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      13) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

      14) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

      15) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

      16) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

      17) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жүзеге асырады;

      18) келесі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады:

      - "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;

      - "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету;

      19) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бекітеді;

      20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдары есебінің бірыңғай күнін өткізеді;

      21) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      22) қаланың сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      23) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;

      24) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді;

      25) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      26) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;

      27) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      28) сауда қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру жүйесін дамыту және жетілдіру;

      29) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен сауданы жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;

      30) электрондық сауданы дамытуға ықпал жасау;

      31) отандық сауда желілерін дамытуға ықпал жасау;

      32) тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына ықпал жасау;

      33) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер мен форумдар ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      34) алып тасталды - Шымкент қаласы әкімдігінің 02.12.2022 № 2431 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      35) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      36) уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;

      37) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;

      38) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу;

      39) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;

      40) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау;

      41) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;

      42) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіру;

      43) өз құзыреті шегінде қала аумағында экспортты дамыту және импортқа талдау жасау;

      44) бизнес-көшіп келушілерді шақыруды ресімдеу үшін өтініш ұсыну;

      45) Ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшіп келушілердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат беру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шымкент қаласы әкімдігінің 02.12.2022 № 2431 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

      мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

      сенімхаттар береді;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      мемлекеттік мекемеде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне жауапты болады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым: "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады