БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы Ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комитеттің құрылымы мен штаттық саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Комитет төрағасы Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгізеді.";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарлары лауазымына тағайындау туралы ұсыныстар енгізеді;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;";
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Комитеттің бюджеттік өтінімінің дайындалуын, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуі үшін Министрліктің басшысына ұсынылатын бюджеттік өтінімнің Министрліктің аппарат басшысына ұсынылуын, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
12) Комитеттің қаржыландыру жоспарының әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысына бекітуге енгізеді;".
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және босатады, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен орынбасарларының, бас (аға) бухгалтердің жалақы мөлшерлерін, оларға сыйлықақы мен өзге де сыйақы беру жүйелерін бекітеді;".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Қарашөкеев |