БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат жетекшісіне Комитет құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат жетекшісіне Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы тіркеуші органға хабар беруді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ақпарат және қоғамдық даму министрі | А. Балаева |