Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 тамыздағы XXVII сессиясының № 27/250 "Кеңгір ауылының жергілікті Қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 10/89 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 20/122 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 05.08.2024 № 20/122 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының "Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 тамыздағы № 27/250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4959 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Кеңгір ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Кеңгір ауылы (бұдан әрі – ауыл) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      Кеңгір ауылының әкімі аппаратының (бұдан әрі – ауыл әкімінің аппараты) ауылдың коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауыл бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдың коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Кеңгір ауылы (бұдан әрі-ауыл әкімі) әкімін кандидат ретінде тіркеу үшін Жезқазған қалалық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Жезқазған қаласы (бұдан әрі-қала әкімі) әкімінің ауыл әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      ауыл әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақта орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.";

      "6- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі, Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Әкім аппараты, жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады";.

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде ауыл әкіміне беріледі, хаттамада ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда.

      Ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде қалалық мәслихаттың қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылданған шешімдерді ауыл әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

      Ауыл әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, қала әкімі қалалық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы А. Досанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады