Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 51/06 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры А.А.Зейнуллинның өтінішін қарастырып, 2018 жылғы 06 желтоқсандағы мемлекеттік - жекешелік әріптестік/концессияы келісімін тіркеу туралы куәлік негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, Балқаш қаласының аумағында орналасқан, ауданы 1,9673 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2031 жылдың 12 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскесін және маңайдағы аумақты санитарлық және экологиялық нормаларға, Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларына сәйкес ұстасын.

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айрат Мухаммедгумарович Карамурзинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады