Ақтас кенті бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу ережелерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 82/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №139 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10068 болып тіркелген) сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтас кенті бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу ережесі бекітілсін.

      2. "Саран қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Маргарита Евгеньевна Блокқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов

  Саран қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 82/02 қаулысына
қосымша

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Ақтас кенті бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеудің осы ережелері (бұдан әрі – ережелер) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және Ақтас кенті бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Кірістердің болжамды көлемін айқындау

      2. Бюджет кірістерінің болжамды көлемі Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

3-тарау. Шығындардың болжамды көлемін айқындау

      3. Кент бюджеті шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыс бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тұрақты сипаттағы мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, азық-түлік пен дәрілік заттарды сатып алу, жәрдемақылар төлеу және басқа да (бұдан әріде - ағымдағы шығындар) шығындардан;

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын және басқа да (бұдан әріде - күрделі сипаттағы шығындар) шығындардан тұрады.

4-тарау. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу

      4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін жалпы ағымдағы шығындардың болжамды көлемі анықталады.

      5. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін анықтау кезінде:

      1) Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамына сәйкес жоспарланатын кезеңде ағымдағы шығындардың (жалақыны қоспағанда) тұтыну бағалары индексіне өсуін ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

      2) шығыстарды арттыруды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының қағидалары;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, құрылымына жергілікті бюджеттердің түсімдерін азайтуды немесе шығыстарын көбейтуді көздейтін ведомство кіретін орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кездегі және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін нормативтік құқықтық қаулылары;

      4) нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін бюджет шығыстарын көбейтуді немесе азайтуды көздейтін облыстық өкілетті және атқарушы органдар шешімдерінің қағидалары есепке алынады.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және қосымша демалыстарға арналған қаражат бюджеттің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен алып тасталады және ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалармен қосылады.

      7. Кент бюджетінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      8. Бюджеттің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу функционалдық кіші топтардың тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып, осы ереженің қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды, көрсеткіштер мен коэффициенттерді жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындар келесі формула бойынша есептеледі:

     


      бұл жерде:

     


      – j-ші функционалдық кіші топ бойынша i-ші ағымдағы есептік шығындар;

      Зj – j-функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;

     


      – j -функционалдық кіші топ бойынша i-ші мемлекеттік қызметті пайдаланушылардың саны;

     


      – i -шіден j-шіге дейінгі функционалдық кіші топ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету құнының орташа қалалық деңгейден айырмашылығын негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін келесі коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:

     


      бұл жерде:

     


      – қала халқының болжамды саны

     


      – кенттегі халықтың болжамды саны.

      Урбандалу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлерде мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты шығындардың орташа аудандық деңгейге қатысты неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;

      2) қоныстандырудың дисперстілік коэффициенті:

     


      бұл жерде:

     


      – -ші кент халқының болжамды саны;

     


      – i-ші қаладағы халықтың жалпы болжамды саны.

      Қоныстандырудың дисперстілік коэффициенті елді мекеннің көлеміне қарамастан, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығындарды ескере отырып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің белгілі бір жиынтығымен қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген шығындардың орташа қалалық деңгеймен салыстырғанда неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;

      3) масштаб коэффициенті:

     


      бұл жерде:

     


      – кент халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ;

     


      – кент халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ;

     


      – i-ші кенттегі халықтың болжамды саны

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен бір тұтынушыға шаққанда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқым әсерін ескереді;

      4) тығыздық коэффициенті:

     


      бұл жерде:

     


      – қала бойынша орташа халық тығыздығы;

     


      – і-ші кенттегі халық тығыздығы;

     


      – кент халқы тығыздығының орташа қалалық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті аймақ халқының тығыздығының төмендеуіне байланысты кент бюджеті шығындарының ұлғаюын ескереді;

      5) жолдарды күтіп ұстау коэффициенті:

     


      бұл жерде:

     


      – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-ші кенттегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға арналған қаржыландыру нормативі.

     


      – кент бойынша автомобиль жолдарын ұстауға арналған қаржыландыру нормативі;

      6) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      бұл жерде:

     


      – і-ші кенттегі халықтың жалпы санындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі.

      Кедейшілікті есепке алу коэффициенті табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек бюджеті шығындарының ұлғаюын ескереді;

      7) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:

     


      бұл жерде:

      di – і-ші кенттегі жылыту маусымы кезеңі;

     


      – кент бойынша орташа жылыту маусымы кезеңі;

     


      – кент бюджетінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға арналған шығындарға шаққандағы үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті қала бюджеті шығындарының қаланың жылыту маусымының ұзақтығына тәуелділігін ескереді.

      11. Келесі екі жылдағы қалалық бюджеттің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтынушылық бағалар индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңдегі бірінші жылғы қалалық бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

5-тарау. Кент бюджетінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі кенттің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.

      Кенттің күрделі сипаттағы шығындарын қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      КЗi = k * РЗi,

      бұл жерде:

      КЗi – i-ші кенттің күрделі сипаттағы есептік шығындары

      РЗi – i-ші кенттің есептік ағымдағы шығындары;

      k – ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне күрделі сипаттағы шығындардың пайыздық қатынасының шамасы.

      Қалалық бюджет пен кент бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін K коэффициентінің шамасы қалалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

6-тарау. Кент бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

      13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі кент кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.

      Кенттің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ЗБПРi = (r1 * РЗi) + (r2 * ПОДi),

      бұл жерде:

      ЗБПРi – i-кенттің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындар;

      РЗi – i-ші кенттің есептік ағымдағы шығындары;

      ПОДi – і-ші кент кірістерінің болжамды көлемі;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне шаққандағы пайыздық қатынасының шамасы;

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың кент бюджеті кірістерінің болжамды көлеміне шаққандағы пайыздық қатынасының шамасы.

      14. R1 және r2 коэффициенттерінің шамасы қалалық бюджет комиссиясының шешімімен қалалық бюджет пен кент бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін белгіленеді.

  Кент бюджетінің кірістері мен
шығындарының болжамды
көлемдерін есептеу ережелеріне
қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттері

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа органдар

Тұрақты халық саны

таратып орналастыру дисперсиялығы;
тығыздығы;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қаржылық қызмет


таратып орналастыру дисперсиялығы;
тығыздығы;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу а

Жоспарлау және статистикалық қызмет


таратып орналастыру дисперсиялығы;
тығыздығы;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу а

Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер


таратып орналастыру дисперсиялығы;
тығыздығы;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу а

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жастан асқан халық саны

таратып орналастыру дисперсиялығы;
жылыту маусымының ұзақтығы

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

таратып орналастыру дисперсиялығы;
кедейлікті есепке алу (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде);
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер


таратып орналастыру дисперсиялығы;
тығыздығы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы

урбанизация;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

 
шаруашылық

Тұрақты халық саны

урбанизация;
тығыздығы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

елді мекендерді абаттандыру


тығыздығы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбанизация;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт


урбанизация;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Ақпараттық кеңістік


урбанизация;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер


урбанизация;
ауқымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекеннің ішіндегі және мен көшелердегі жолдардың ұзындығы, (километр)

урбанизация;
жолдарды күтіп ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер

Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр)

урбанизация;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

13. Өзгелері

Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау

аймақтағы жалпы өңірлік өнімге шаққандағы шағын және орта бизнестің үлесі

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу на

өзгелері

тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады