Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 20.03.2023 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде Жаңақорған ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 372 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6048 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын";
аталған қаулының қосымшасындағы "3. Бесарық ауылдық округі" деген сөздер "13 Жаманбай батыр ауылдық округі" деген сөздермен өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рүстемов |