Түпқараған аудандық мәлихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 3/25 "Түпқараған ауданы бойынша 2021 - 2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 8/49 шешімі

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түпқараған аудандық мәлихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 3/25 "Түпқараған ауданы бойынша 2021 - 2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4513 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Түпқараған ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда:

      4 тармаққа келесідей өзгерістер енгізілсін, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "4. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қараудың жай - күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелері – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, осы жоспардың 8 қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, осы жоспардың 9 қосымшасына сәйкес шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзгеде деректер ескеріле отырып қабылданды";

      7 тармақтың 3) тармақшасына келесідей өзгерістер енгізілсін, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 73053,9 га";

      7 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғалардың жерлері - 427750,4 га";

      12 тармақ алынып тасталсын;

      13 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "13. Түпқараған ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы мәліметтер:

Қала, ауылдар, ауылдық округ атауы

Ұсақ мал (қой, ешкі)

Ірі қара мал

Жылқы

Түйе

1

Форт-Шевченко қаласы

13587

440

1381

434

2

Баутин ауылы

6080

214

617

72

3

Ақшұқыр ауылы

8172

530

1740

1155

4

Сайын Шапағатов ауылдық округі

2626

221

722

302

5

Таушық ауылы

16297

736

3594

2802

6

Қызылөзен ауылы

10822

527

2156

538


Барлығы:

57584

2668

10210

5303

      14 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "14. Ауданда 6 мал дәрігерлік пункттер, 2 мал тоғыту орындары, 2 мал көміндісі, 2 мал сою пункті және 1 инсператор пеші жұмыс жасайды.

      Ветеринарлық-санитарлық объектілер туралы мәліметтер:

Қала, ауылдар, ауылдық округ атауы

Мал дәрігерлік пункттер

Мал тоғыту орындары

Мал көмінділері

Мал сою пункті

Инсператор пеші

1

Форт-Шевченко қаласы

1

-

1

-

1

2

Ақшұқыр ауылы

1

1

-

1

-

3

Сайын Шапағатов ауылдық округі

1

-

1

-

-

4

Таушық ауылы

1

1

-

1

-

5

Қызылөзен ауылы

1

-

-

-

-

6

Баутин ауылы

1

-

-

-

-


Барлығы:

6

2

2

2

1

      көрсетілген шешімнің Түпқараған ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың 2 қосымшасы, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің Түпқараған ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың 3 қосымшасы, осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің Түпқараған ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың 7 қосымшасы, осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

        2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д.Меңдіханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады