"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 қаулысы.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 12 қарашадағы
  № 514 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқармада осы Ережеге қосымшада көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі

      13. Міндеттері:

      1) халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу, нәтижелі жұмыспен қамту үшін жағдай жасау арқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;

      3) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, тұрмыс-тіршілігі және қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау;

      4) өмірдің қиын жағдайында жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу.

      14. Өкілеттігі:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

      ақпараттық-тұсаукесерлік іс-шараларды, сондай-ақ Басқарманың қызметі мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

      Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтары;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;

      Басқармаға бағынысты болып табылатын мемлекеттік ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттері.

      15. Функциялары:

      1) облыстағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды және уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді;

      2) өңірлік жұмыспен қамту картасын бекітеді және іске асырады;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізеді;

      4) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асырады;

      6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік көмек көрсету мониторингін жүзеге асырады;

      7) ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілейді;

      8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережені бекітеді;

      9) ұлттық жобалар, облысты дамыту жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

      10) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекітеді;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      12) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді құруды және олардың қызметін үйлестіреді;

      13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын жүзеге асырады;

      14) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізеді;

      15) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне статистикалық талдау, болжау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      16) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      17) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;

      18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемінің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін әзірлейді және облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

      19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсынады;

      21) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етеді;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;

      23) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің рельефті-ноқатты қарпімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      24) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Қостанай облысының аумағында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмекті, медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;

      25) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторий-курорттық емделуін қамтамасыз етеді;

      26) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;

      27) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.

      28) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени, ағарту және өзге де іс-шараларын ұйымдастырады;

      29) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      30) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;

      31) мыналарды:

      денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің ұсынылуына мониторинг жүргізуді;

      халықтың денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      32) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      33) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды, соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа санатттарын санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;

      34) тоқсан сайын Қостанай облысы бойынша кедейлік шегін есептейді және мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;

      35) облыстың аудандары мен қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының жұмысын үйлестіреді;

      36) жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар және халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      37) өз құзыреті шегінде кедейлікті төмендету, халықтың өмір сүру деңгейін және табыстарын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;

      38) әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия үйлестірушісінің функцияларын жүзеге асырады;

      39) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және жоғары тұрған органдарға енгізеді;

      40) Басқарманың құзыреті шегінде статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындайды және ұсынады, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жүргізу мониторингін жүзеге асырады;

      41) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды, қандас куәлігін береді;

      42) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

      43) қандастар мен қоныс аударушыларды уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады;

      44) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жұмыс берушілерге Қостанай облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарады;

      45) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар береді және ұзартады;

      46) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      47) пана іздеген адамның куәлігін береді;

      48) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;

      49) босқын куәлігін береді;

      50) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      51) жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар және халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 17.10.2023 № 445 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бiрiншi басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерінің шеңберін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

      5) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды Басқарманың атынан жасайды;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;

      8) Басқарманың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Басқарманың құрылымын бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге
  қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бағынысты болып табылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 17.10.2023 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.09.2024 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Жітіқара өңірлік оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Лисаков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      9. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      10. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 2 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№ 3 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      12. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      13. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      14. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Аутизмі және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады