Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 445 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Функциялары:

      1) облыстағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды және уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді;

      2) өңірлік жұмыспен қамту картасын бекітеді және іске асырады;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізеді;

      4) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асырады;

      6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік көмек көрсету мониторингін жүзеге асырады;

      7) ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілейді;

      8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережені бекітеді;

      9) ұлттық жобалар, облысты дамыту жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

      10) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекітеді;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      12) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді құруды және олардың қызметін үйлестіреді;

      13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын жүзеге асырады;

      14) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізеді;

      15) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне статистикалық талдау, болжау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      16) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      17) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;

      18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемінің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін әзірлейді және облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

      19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсынады;

      21) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етеді;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;

      23) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің рельефті-ноқатты қарпімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      24) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Қостанай облысының аумағында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмекті, медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;

      25) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторий-курорттық емделуін қамтамасыз етеді;

      26) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;

      27) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.

      28) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени, ағарту және өзге де іс-шараларын ұйымдастырады;

      29) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      30) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;

      31) мыналарды:

      денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің ұсынылуына мониторинг жүргізуді;

      халықтың денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      32) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      33) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды, соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа санатттарын санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;

      34) тоқсан сайын Қостанай облысы бойынша кедейлік шегін есептейді және мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;

      35) облыстың аудандары мен қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының жұмысын үйлестіреді;

      36) жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар және халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      37) өз құзыреті шегінде кедейлікті төмендету, халықтың өмір сүру деңгейін және табыстарын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;

      38) әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия үйлестірушісінің функцияларын жүзеге асырады;

      39) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және жоғары тұрған органдарға енгізеді;

      40) Басқарманың құзыреті шегінде статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындайды және ұсынады, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жүргізу мониторингін жүзеге асырады;

      41) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды, қандас куәлігін береді;

      42) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

      43) қандастар мен қоныс аударушыларды уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады;

      44) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жұмыс берушілерге Қостанай облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарады;

      45) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар береді және ұзартады;

      46) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      47) пана іздеген адамның куәлігін береді;

      48) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;

      49) босқын куәлігін береді;

      50) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      51) жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар және халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      көрсетілген Ережеге қосымшада:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Жітіқара өңірлік оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыру туралы әділет органдарына хабарлауды;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады