Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 842 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

  Әкімдіктің
  қаулысына қосымша

      1. "Қостанай қаласынан Заречное ауылына дейін канализациялық сорғы станциясын қайта жаңартумен және Қостанай ауданының Октябрьское ауылын қосумен жалғағыш су тартқышын салу үшін", Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,2040 гектар;

      2. "Қостанай қаласынан Заречное ауылына дейін канализациялық сорғы станциясын қайта жаңартумен және Қостанай ауданының Октябрьское ауылын қосумен жалғағыш су тартқышын салу үшін", Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0894 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады