2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 785 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "IBSgroup", "Люкс 2016", "МеталлИнвестАтырау", "Производственно-коммерческая фирма "Фабий" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, Муратхан Айсенович Исенбаевқа, Лидия Андреевна Златковскаяға, Александр Евгеньевич Целоусовқа осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 14 қазандағы | |
№ 2214 қаулысына | |
қосымша |
"IBSgroup", "Люкс 2016", "МеталлИнвестАтырау", "Производственно-коммерческая фирма "Фабий" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, Муратхан Айсенович Исенбаевтың, Лидия Андреевна Златковскаяның, Александр Евгеньевич Целоусовтың қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1. Су құбыры мен кәріздің коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау және төсеу үшін, Қостанай қаласы, Карбышев көшесі - Челябинская көшесі шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0462 гектар;
2. Су құбыры мен кәріздің коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау және төсеу үшін, Қостанай қаласы, Карбышев көшесі - Челябинская көшесі шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0681 гектар;
3. Су құбыры мен кәріздің коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау және төсеу үшін, Қостанай қаласы, Карбышев көшесі - Челябинская көшесі шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,1359 гектар;
4. Су құбыры мен кәріздің коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау және төсеу үшін, Қостанай қаласы, Карбышев көшесі - Челябинская көшесі шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,1636 гектар;
5. Су құбыры мен кәріздің коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау және төсеу үшін, Қостанай қаласы, Карбышев көшесі - Челябинская көшесі шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,4050 гектар;
6. Су құбыры мен кәріздің коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау және төсеу үшін, Қостанай қаласы, Карбышев көшесі - Челябинская көшесі шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0233 гектар.