Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 2309 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 792 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 22 қазандағы
  № 2309 қаулысына
  қосымша

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1. "Қостанай облысы Қостанай қаласында РШ-2829, Р-1 тарату желісінің желілік-кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Хәкімжанова көшесі, Строительная - Рудненская көшелерінің шекараларында мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0522 гектар;

      2. "Қостанай облысы Қостанай қаласында РШ-2829, Р-1 тарату желісінің желілік-кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Целинная көшесі, Строительная - Рудненская көшелерінің шекараларында мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0444 гектар;

      3. "Қостанай облысы Қостанай қаласында РШ-2829, Р-1 тарату желісінің желілік-кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Рудненский өткелі, Строительная - Рудненская көшелерінің шекараларында, Строительная көшесі, Рудненский өткелі - Хәкімжанова көшесінің шекараларында мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0740 гектар;

      4. "Қостанай облысы Қостанай қаласында РШ-2829, Р-1 тарату желісінің желілік-кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Целинная көшесі, Рудненская - Соколовская көшелерінің шекараларында мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0906 гектар;

      5. "Қостанай облысы Қостанай қаласында РШ-2829, Р-1 тарату желісінің желілік-кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Рудненская көшесінің - Соколовский тұйық көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0539 гектар;

      6. "Қостанай облысы Қостанай қаласында РШ-2829, Р-1 тарату желісінің желілік-кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Рудненский тұйық көшесі, Строительная - Рудненская көшелерінің шекараларында мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0713 гектар;

      7. "Қостанай облысы Қостанай қаласында РШ-2829, Р-1 тарату желісінің желілік-кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін Қостанай қаласы, Строительный өткелінің - Рудненская көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0240 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады