Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 491 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Е. Раисов

  Қала әкімдігінің
  2021 жылғы 3 қарашадағы
  № 491 қаулысына
  қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

Атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)

Мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)

барлығы

оның ішінде 2022 жылға

1.

"Әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы" ММ

51

2

1

1

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады