Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 531 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Асанов

  қаулысына
  қосымша

Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      2. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

3-тарау. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау

      3. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және өзге де ағымдағы шығындары (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге арналған шығындар және өзге де күрделі сипаттағы шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.

1-параграф. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      5. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

      2) ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      6. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.

      7. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      8. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Бюджет кодексінің 56-1-бабына сәйкес осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффициенттердің тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санының болжамы қолданылады.

      9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауылдардың және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

      АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-ауылдардың және ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық ауылдардың және ауылдық округтердің жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;

      Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-ауылдардың және ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;

      К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-ауылдардағы және ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіқала – і-аудандық маңызы бар қала халқы санының болжамы;

      Халі – і-аудандық маңызы бар ауылдардағы, ауылдық округтердегі халық санының болжамы.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і-ауылдардың және ауылдық округтердің халық санының болжамы;

      Халі – і-ауылдар және ауылдық округтер халқының жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) ауқым коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – ауылдар және ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;

     


      – бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;

      Халi – і-ауылдардың және ауылдық округтердің халық санының болжамы;

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      4) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіауыл – і-ауылдардың және ауылдық округтердің ауыл халқы санының болжамы;

     


      – функционалдық кіші топ бойынша (барлық ауылдар және ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;

      5) тығыздық коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;

     


      – і-ауылдардағы, ауылдық округтердегі халықтың тығыздығы;

     


      – ауылдар және ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

     


      мұнда:

      Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-ауылдардың, ауылдық округтердің аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

     


      – аудан бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bі – і-ауылдардағы, ауылдық округтердегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      8) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – і-ауылдардағы, ауылдық округтердегі жылыту маусымының кезеңі;

     


      – аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

     


      – ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      11. Келесі екі ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

2-параграф. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдардың және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.

      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар және ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k*ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і-ауылдардың және ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і-ауылдардың және ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

      Аудандық бюджет пен (облыстық маңызы бар қала) ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

3-параграф. Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу

      13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдардың және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдар және ауылдық округтер бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),

      мұндағы:

      БДБШі – і-ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – і-ауылдардың және ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і-ауылдардың және ауылдық округтердің кірістерінің болжамды көлемдері;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      r2 – ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

  Ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібіне
  қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр)

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

урбандалу;
жолдарды күтіп-ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады