"Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 219 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 92 бірлескен қаулысы және шешіміне сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қырым ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.

      3. "Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Орындалуын бақылау Қырым ауылының әкіміне жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

  Қазақстан Республикасы
  Қостанай облысы
  Денисов ауданының
  әкімдігінің
  2021 жылғы 16 қарашадағы
  № 219 қаулысымен
  бекітілген

"Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты) саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      Қырым ауыл әкімінің (бұдан әрі- әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық заңды нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтыққа тынастарға өз атынан қатысады.

      5. Әкім аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Әкім аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің шішімдерін, өкімдерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. "Денисов ауданының Қырым ауылы әкім аппараты" мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110511, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданының, Қырым ауылы, Ленина көшесі, 2 үй.

      9. Осы ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      әкім қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      13. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Әкім аппараты өз құзыреті шегінде құқылы:

      мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иелену және жүзеге асыруға;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базасын пайдалануға;

      шарттар, келісімдер жасасуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқығы бар.

      2) Міндеттері:

      Өз құзыреті шегінде әкім аппаратының міндеттері:

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауыл әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауға;

      Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.

      Әкім аппараты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға, сондай-ақ оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға міндетті.

      14. Функциялары:

      Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

      Ауыл бюджетін жоспарлау және пайдалану бойынша жергілікті атқарушы орган функциясын іске асырады, сонымен қатар ауылдық коммуналдық меншігін басқарады (жергілікті өзін – өзі басқарудың коммуналдық меншігі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергіліктіи қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауыл әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;

      шешімдер мен өкімдердің жобаларын дайындайды, тіркеуді жүргізеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды сараптама жүргізеді, ауыл әкімінің актілерін тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

      анықталған заңнама нормаларын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      құжаттарды қамтамасыз етуді, ақпараттық технологияларды енгізу мен дамытуды, интернет - ресурс қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, іс жүргізу ережелерінің сақталуын бақылауды және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуді жүзеге асырады;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады;

      әкім жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етеді;

      "Е – қызмет" интеграцияланған – ақпараттық жүйе басқармасы арқылы, мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес, кадр бойынша жұмыс жүргізеді;

      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

      мемлекеттік сатып алу және қызметті ұйымдастырады және жүргізеді;

      порталда көзделген деректерді уақтылы өзектендіру бойынша міндеттерді орындайды (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайты www.goszakup.kz) қазақстандық мазмұнда;

      "Ашық бюджет" интернет порталында жұмыс істейді;

      "Бюджеттік қаржыландыру" ПАРУС ҚАЗ жүйесі көмегімен аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөлігі жиынтық деректерін жоғарыдағы уәкілетті органдарға ұсынады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      15. Әкім аппаратына басқаруды Қырым ауылының әкімі жүзеге асырады, ол әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Әкімінің өкілеттілігі:

      Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдар мен, ұйымдар мен және азаматтар мен өз арақарым-қатынаста әкім аппараты сенім хатсыз өкілдік етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Денисов ауданы әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша ауылдың жарамсыз тұрғын үйін бұзуды ұйымдастырады;

      бюджетке міндетті және салықтың жиналуын ұйымдастырады;

      жер қатынасын реттеуді іске асырады;

      өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізеді;

      әкім аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;

      заңнамада белгіленген тәртіппен әкім аппаратының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастары мәселелерін қарайды;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына шағын несие беруге жәрдемдеседі;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету барысында әскери міндет және әскери қызмет, жұмылдырушы қызмет және жұмылдыру, сонымен қатар азаматтық қорғау бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нотариалдық қызметтің, актілердің тіркелуін іске асырады;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасыеның орындалуын бақылайды;

      әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін;

      әкім өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша аудан әкімі, аудан мәслихаты алдында өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуына жауапты.

      Қырым ауылы әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      18. Әкім, әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, әкім аппаратының сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      20. Әкімі аппаратының бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады