"Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 257 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

  Жітіқара
  ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы "22" қарашадағы
  № 257 қаулысымен
  бекітілді

"Жітіқара ауданыны әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік жоспарлау салаларындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемелекеттік тілінде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Бөлімнің заңды мекенжайы: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 65 үй.

      9. Осы ереже Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру, мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыру;

      2) экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      4) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) мемлекеттік органның құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;

      6) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту;

      7) стратегияны әзірлеу, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын және негізгі бағыттарын айқындау;

      8) аудан бюджетін әзірлеу;

      9) инвестициялық белсенділікті арттыруға жәрдемдесу;

      10) мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің сатылы іске асырылуын қамтамасыз ету;

      11) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

      12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту мәніне заңнама мониторингі.

      13. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) аудан әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      2) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрау және алу;

      3) аудан әкімдігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қарауына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;

      5) сотта талапкер және жауапкер болу;

      6) жеке және заңды тұлғаларға экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      7) тиісті аумақта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау;

      8) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      Міндеттері:

      1) орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдау;

      2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету;

      4) уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі тиісті ақпаратты ұсыну;

      5) мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) ауданның орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру;

      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

      3) аудан экономикасын дамытудың болжамды параметрлеріне қол жеткізу бойынша ауданның атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

      4) өңірлік даму саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, түзету және мониторингілеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      5) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі;

      6) аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау;

      7) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеуді үйлестіру;

      8) бюджеттік өтінімдерді, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау, бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытынды қалыптастыру және оларды Жітіқара ауданы әкімдігінің бюджет комиссиясының қарауына жіберу;

      9) үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      10) аудандық бюджетке түсетін түсімдерді болжау;

      11) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау;

      12) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;

      13) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджеті туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

      14) ауданның бюджеттік комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

      15) бөлімнің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру мониторингі;

      16) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мониторингі және оларды бағалау;

      17) инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіру, инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;

      18) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;

      19) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарына экономикалық қорытындылар дайындау;

      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      21) мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша үйлестіру және бақылау;

      22) мемлекеттік органның құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      16. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      18. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының өкілеттіктері:

      1) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді, бұйрықтар шығарады, қаржылық құжаттарға қол қояды, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқауларды береді;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      7) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      8) тәртіптік жазаларды салу, көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіпте шешеді;

      9) белгіленген еңбек ақы қорының және қызметкерлер санының шегінде бөлімнің құрылымын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      10) азаматтардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

      11) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады